• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-да заманауи медицина лабораториясының мүмкіндігі туралы халықаралық конференция өтті

СҚО-да заманауи медицина лабораториясының мүмкіндігі туралы халықаралық конференция өтті

25 Қазан, 2013 14:35
Петропавл қаласында «Медицина лабораториясының заманауи зерттеуі мен диагностикалық мүмкіндігі» атты халықаралық тәжірибелік конференция өтті, деп СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Тыңдаушылар білікті мамандардың біліміне қанық болды. Уақыт бір орында тұрмайды, қондырғыларды пайдаланудың жаңа бағыттары табылады», - деп хабарламада нақтыланған.

Конференцияға солтүстікқазақстандық 70 дәрігер қатысты. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды Алматы мен Москваның мамандары өткізді.

Ресейден келген қонақ өз баяндамасында метаболиялық синдром туралы айтып өтті.

Айта кетерлігі, бұл Солтүстік Қазақстан облысында медицинаның лабораториялық бағыты бойынша  өтіп жатқан бірінші халықаралық конференция.

 

 

 

Барлық жаңалықтар