- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да Жапониядан әкелінген «Хиросиманың бейбітшілік тасы» ескерткішінің ашылу салтанатында 15 000-ға жуық адам қатысты
ШҚО-да Жапониядан әкелінген «Хиросиманың бейбітшілік тасы» ескерткішінің ашылу салтанатында 15 000-ға жуық адам қатысты
Қала тұрғындары, аймақ қонақтары қатысқан акцияға сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және өкілетті елшісі Камахара Масаёси және «Бейбітшілік Тасы» Ассоциациясы сынды халықаралық ұйымдардың өкілдері келді.
«Елбасымыздың тапсырмасымен бүгінгі күні полигонның зардаптарын жойып, халықтың денсаулығын жақсарту үшін мемлекет тарапынан біраз істер атқарылып жатыр. Осы орайда ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қаржыландыруымен сауықтыру орталығының құрылысы жоспарлануда. Тұрғындар денсаулығын жақсарту мақсатында шетелдік әріптестердің, соның ішінде Жапония үкіметінің атқарған жұмысы зор. Біз ядролық қару зардаптарын жақсы білеміз және болашақта сондай қиыншылықтардың болмауы үшін бірлесе жұмыс жасауымыз қажет. Осы орайда, акцияға қатысушыларға, қала тұрғындарына,облыс басшылығы атынан алғыс білдіре отырып, митинг жұмысына табыс тілеймін», – деді Жақсылық Омар.
Түйемойнақ аралына орнатылған «Хиросиманың бейбітшілік тасын» Жапонияның «Киодо Цушин» ақпараттық агенттігі жанындағы «Хиросиманың бейбітшілік тасы» үкіметтік емес қоры Хиросима мен Нагасаки қалаларындағы жарылыстың 70 жылдығына орай Семей қаласына әкелген. Ескерткіште бейбітшілік нышаны Каннон құдайының келбеті бейнеленген.
Сонымен қатар, шара барысында қонақтар Ұлттық ядролық орталықтың облыстық тарихи-өлкетану мұражайының кітапханасында сақталып келе жатқан мұрағат құжаттармен танысты
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды