- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Ахметов: Мектептерді керегінше салып, балабақша құрылысына инвесторлар тарту қажет
Д.Ахметов: Мектептерді керегінше салып, балабақша құрылысына инвесторлар тарту қажет
«Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзіреттілік тәсілдер – табысты мектеп кепілі» тақырыбында өткен алқалы жиында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, жаңа 2015-16 оқу жылына тапсырмалар қойылды.
Облысымыздың ұстаздарын келе жатқан мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі Даниал Ахметов, аймақтың білім беру жүйесінің дамуының негізгі мәселелеріне тоқталып өтті.
«Жыл сайынғы кездесу бізге мәселелерді талқылауға, сараптама жасап, олардың шешілу жолдарын анықтауға, сондай-ақ, облыстағы білім беру жүйесінің дамуының келешегін айқындауға мүмкіндік береді», - деді Даниал Ахметов.
Аймақ басшысы тек мемлекеттік бюджет арқылы шешпей, инвесторларды тартып, жеке меншік балабақшаларды ашып, мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейтуді тапсырды.
Мектеп құрылысы мәселесін қозғай отырып, Даниал Кенжетайұлы бұл мәселеге тиімді жағынан қарауды тапсырды. «Қайтсек те жаңа мектеп салу басты мақсат емес. Кейбір ауылдарда жаңа мектептер тек орташа толған», - деп басып айтты әкім.
Шығыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін 13 мектептің құрылысын аяқтау, соның ішінде 6 апаттық мектепті ауыстыру көзделуде. Биылғы жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде үш мектеп және екі балабақшаның құрылысы басталды.
Сонымен қатар, облыс әкімінің айтуы бойынша, биылғы жылы Өскемен қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 100 орындық облыстық интернаттың құрылыс жұмыстары басталмақ. Ол жерде балаларға тұрып, жалпы білім беру мектептерінде өздерінің қатарластарымен бірге білім алуларына барлық жағдай жасалады.
Аймақ басшысы кеңеске қатысушылардың назарын арнайы мектеп, лицей және гимназиялардың жұмысын зерттеген жұмыс тобының қорытындысына аударды. Жұмыс тобы жүргізген сараптама жұмысының қорытындысы бойынша, сондай арнайы 11 мектеп төмен көрсеткіштер көрсетуде. Облыс әкімі жаңа оқу жылында олардың дәрежесін қайта қарайтынын айтты.
Кеңес соңында Даниал Ахметов үздік ұстаздарды марапаттап, облыстың үздік білім беру мекемеллерін атап өтті.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
Шомылу маусымында нені ескеру қажет -
Халық денсаулығына қанша қаржы жұмсалып жатыр