- Басты
- Жаңалықтар
- Мемхатшы Г.Әбдіқалықова Дүниежүзілік конференцияға қатысушыларды «EXPO-2017» мамандандырылған көрмесіне атсалысуға шақырды
Мемхатшы Г.Әбдіқалықова Дүниежүзілік конференцияға қатысушыларды «EXPO-2017» мамандандырылған көрмесіне атсалысуға шақырды
Г.Әбдіқалықова Қазақстанның гендерлік мәселелерді шешу, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда ерлер мен әйелдер теңдігін қамтамасыз ету ісіндегі табыстарына тоқталды. Ол әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару жұмыстарына белсенді түрде тартып келе жатқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерін айрықша атап көрсетті.
Мемлекеттік хатшы әйелдерді экономикалық сала бойынша ілгерілету мәселелерін талқылау үшін Астана экономикалық форумын халықаралық алаң ретінде пайдалану жөнінде ұсыныс жасады.
Г.Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларды Дүниежүзілік «EXPO-2017» мамандандырылған көрмесіне атсалысуға шақырды, сондай-ақ әйелдерге арналған, 2016 жылы Токиода өтетін келесі бүкіләлемдік конференция шеңберіндегі «Энергетик және кәсіпкер әйелдер форумының» арнаулы панельдік сессиясында «жасыл бизнесті» дамыту мәселелерін талқылауды ұсынды.
Бүкіләлемдік конференцияға қатысушылар Қазақстанмен ынтымақтастық орнату және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру бағытында көпжақты диалогты ілгерілетуге мүдделілік танытты.
Сапарының екінші күні Мемлекеттік хатшы Жапонияның Сыртқы істер министрі Ф.Кишидамен де кездесті. Тараптар Қазақстан-Жапония өзара іс-қимылының барлық бағыты бойынша серіктестікті одан әрі тереңдетудің перспективаларын талқылады.
Г.Әбдіқалықова Орталық Азияның барлық елдері үшін ортақ проблемаларды шешу ісіне жәрдемдесуге бағытталған Жапония саясатына ризашылық білдіріп, 2015 жылғы ақпанда Жапонияда қабылданған Дамуға ресми көмектің (ДРК) жаңа жарғысы Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтудің мол мүмкіндіктеріне жол ашатынын атап өтті.
-
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды -
1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні -
Тоқаев қазақстандықтарды дүрбелеңге салынбауға шақырды -
Сапарбаев жамбылдық шаруаларды ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға шақырды -
Қазақстанда жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар құрылуы мүмкін -
Жақыныңа жанашыр бол: Вирус жұқтырған елордалық халықты санитарлық талаптарды сақтауға шақырды -
Бас прокуратура арандатуларға ермеуге шақырды -
Тоқаев қазақстандықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды -
Балалар үлкендерді мейірімді әрі қамқоршы болуға шақырды -
С. Омаров ОА елдерінің ауыл шаруашылығы министрлерін ынтымақтасып жұмыс істеуге шақырды -
Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы қалай жүруде (ВИДЕО)