- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: Қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығы елді жаңа жетістіктерге жеткізеді
Б.Байбек: Қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығы елді жаңа жетістіктерге жеткізеді
Қала басшысы Негізгі Заңның маңызына тоқталып өтті және Ата Заңымыздың тәуелсіздігімізді нығайтудың, тиімді мемлекеттік-құқықтық жүйені қалыптастырудың, халықтың әл-ауқатын жақсартудың, Қазақстанның одан әрі өркендеуінің, бүкілхалықтық ерік пен жігердің алтын діңгегі екендігін ерекше атады.
«Тек Конституция ғана қазақстандық дамуымыздың басты кепілі. Бұл туралы Мемлекет басшысы да жиі айтып келеді. Бүгінгі жаңа кедергілер мен жаһандық қауіп-қатер барысында халқымыздың баға жетпес байлығы - Тәуелсіздігімізді, еліміздің тұрақты дамуын одан әрі нығайту ең маңызды міндет. Қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағы, Елбасының айналасында топтасуы түрлі қиындықтарға төтеп беруге және жеткен жетістіктерімізді одан әрі баянды етіп қана қоймай, бұдан да биік табыстардан көрінуге жетелейді», - деді Бауыржан Байбек.
Әкім бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді де айқындап берді. Олар - инвестицияны тарта отырып, қаланың, кіші және орта бизнестің одан әрі дамуын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, қала тұрғындары үшін жайлы ахуал жасау.
«Әр ауданның нақтылы даму кілтін тауып, іске қосылмаған ішкі мүмкіндіктерді тиімді пайдаланған жөн. Бұл ретте Алматыда 2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізудің маңызы зор. Мәні жағынан Олимипиададан кейін екінші орында тұратын бұл спорттық ойындар біздің мегаполистегі бірқатар салалардың одан әрі дамуына қосымша серпін береді», - деп атап өтті қала басшысы.
Бүгінгі күні осынау ауқымды құрылыс алаңында 12 мыңнан астам жұмыс орны қамтамасыз етіліп, 1,5 мыңға жуық кіші және орта бизнес субъектілері Универсиаданың құрылыс нысандарын салуға қамтылған. Алдын ала жасалған болжам бойынша бюджетке 9 млрд. теңгеден астам салық түседі деп күтілуде. Мұнда замануи спорт кешендерімен қатар 10 мың студент тұратын қалашық да пайда болады.
Салтанатты шара барысында қала әкімі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Негізгі Заңымыздың 20 жылдығына орай «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарын мегаполистің құрметті тұрғындарына табыс етті. Мерекелік медальдармен қаланың дамуына үлес қосқан 600 алматылық марапатталды, олардың арасында Ескендір Хасанғалиев, Тимур Сүлейменов, Гүлвира Разиева, Лаки Кесоглу, Нұрғали Нүсіпжанов, Айша Ержанова, Руслан Азимов, Бекмахан Құралбаев, Лидия Кочетова, Байтұрсын Омарбеков, Ермахан Ибраимов және басқалары бар.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды