- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Николич: Қазақстан мен Сербия экономикасының маңызды сегменттері бірін-бірі толықтырады
Т.Николич: Қазақстан мен Сербия экономикасының маңызды сегменттері бірін-бірі толықтырады
«Сiздер маған Қазақстанның бизнес-қауымдастығымен кездесу мүмкiндiгiн ұсынып отырғандарыңызға және соған лайықты деп танығандарыңыз үшін алғыс бiлдiремiн. Бiздiң елдеріміз бүгінде тығыз саяси қарым-қатынас орнатып отыр. Сербия мен Қазақстанның маңызды сегменттерi бiр-бiрiн толықтырады. Бiр-бiрiмiзден үйренетініміз көп. Бүгiн Сiздер отыздан аса сербиялық компаниямен танысу мүмкiндiгiне ие болдыңыздар. Олардың көпшілігі құрылыс индустриясы саласынан, тіпті кейбіреулері Қазақстанда бұрынна жұмыс істеп келеді», - деді сөз басында Т.Николич.
Сербия Президенті атап өткендей, Сербия тарапы көптеген ұсыныстарымен келе алады. Ал, оның ауыл шаруашылығы жерлерін өңдеуде қазіргі заманғы технологиялар Қазақстанның астық өндірісін 2 есеге арттыра алады екен.
«Сербия тарапы көптеген ұсыныстарымен келе алады. Бұл тұрғыда тәжірибесі мол білікті кадрлар, тұқымды дайындауда елеулі мүмкіндіктер, ауыл шаруашылығы жерлерін өңдеуде қазіргі заманғы технологияларды ұсына аламыз. Кейбір есептеулер бойынша, осы технологияларды пайдалану кезінде Қазақстан орташа мерзімдегі перспективада астық өндірісін 2 есеге арттыра алады», - деді ол.
Сонымен қатар, Сербия басшысы толықтырып кеткендей, республика тұрақты экономиканы жасақтау үшін барлығын жасақтайды.
«Сербияның өзге мемлекеттермен салыстырғандағы артықшылығы әлем бойынша еркін нарық. Оның жоғары білікті мамандары, қолайлы географиялық орналасуы тағы бар. Бұдан басқа жақсы құқықтық базасы да жоқ емес. Біз сіздердің инвестицияларыңыз сенімді және табысты болуы үшін барлығын жасаймыз», - деп түйді Т.Николич.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды