- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов: Қазақстан қолайлы бизнес ортасын дамыту үшін барлық шараларды қабылдауда
К.Мәсімов: Қазақстан қолайлы бизнес ортасын дамыту үшін барлық шараларды қабылдауда
«Мен Сербия президенті мен аталмыш елдекн бизнес өкілдеріне қол келдіңіздер деймін. Біздің Сербияның іскер тобына айтар алғысымыз зор. Жалпы, Сербия тарихы бай және тез дамитын экономикасы бар мемлекет екенiн бiлемiз. Оның географиялық жағдайы, тарихы мен дәстүрi, Сербия қайраткерлерiнiң бiрi Әулие Савва Сербский айтқандай, батыста шығыс болуға, шығыста батыс болуға мүмкiндiк бердi. Бiздiң мемлекеттерiмiз арасындағы ынтымақтастық әлеуетi үлкен деген ортақ пiкiрдемiз. Жан-жақты ынтымақтастықты дамыту үшiн көптеген мүмкiндiктер мен бағыттар бар», - деді сөз басында ҚР Примьер министрі.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы Қазақстан Сербияның өңiрдегi негiзгi және келешегі зор сауда және инвестициялық серiктестерiнiң бiрi бола алатынын алға тартты.
«2015 жыл бiздiң елдерiмiздiң өзара қарым-қатынасындағы маңызды жол болатынын атап өткiм келедi. Қазақстан Белградта дипломатиялық өкiлдік ашты, Сербия азаматтары үшiн визасыз режим енгiздi. Жалпы, Қазақстан ДСҰ мүшесі ретінде қолайлы бизнес ортасын дамыту үшін барлық шараларды қабылдауда. Айта кетерлік жайт, Мемлекет басшысы инвесторлардың сенiмдiлiгiн арттыруға бағытталған Қазақстанның дамуы мен сапалы модернизациясының бес басымдығын белгiледi. Бiздiң мемлекет ЭЫДҰ-мен сәттi ынтымақтастық жүргiзуде. Бұл бiзге халықаралық стандарттар мен әлемдiк тәжiрибе енгiзуге мүмкiндiк бередi. Қазақстанның мақсаты - әлемнiң дамыған 30 елiнiң қатарына кiру. Бұл бiз индикаторларымыз бен инвестициялық тартымдылықты жақсарту үшiн барлығын жасаймыз дегендi бiлдіредi», - деп жалғастырды Примьер-Министр.
«Бiз Сербия бизнесiн елiмiзде кәсіпкерлер үшiн құрылған әдiстер мен шараларды пайдалануға шақырамыз. Инфрақұрылымды, металлургиялық, мұнай-газ және химиялық кешендi дамыту, құрылыс материалдары өндiрiснi, бiлiм мен адам капиталын дамыту бiздiң ынтымақтастығымызды нығайтуы мүмкiн. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiн өткiзу қарсаңында Астанада энергияның қайта қалпына келетiн көздерiн, экологиялық туризм саласын және инновациялық бiлiмдi дамыту жұмыстары жүргiзiлуде. Осыған байланысты бiз үшiн серiктестерiмiзбен өзара iс-әрекет нәтижесiнде алынатын жаңа технологиялар, сараптама мен бiлiм, тәжiрибе алмасу өте маңызды. Бiздiң елдер арасында ынтымақтастық ұзақмерзiмдi келешек негiзiнде жүзеге асырылатынын атап өткiм келедi. Бiз Сербиямен әлемдiк экономикадағы жаңа мүмкiндiктерге сәйкес келетiн ұзақмерзiмдi және өнiмдi ынтымақтастыққа үмiт артамыз», - деп түйді К.Мәсiмов.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады