- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Қызылорда облысында жарық диодты шамдар шығаратын зауыт ашылды (Фото)
ИИДМБ: Қызылорда облысында жарық диодты шамдар шығаратын зауыт ашылды (Фото)
«Қазэнергияүнемдеу» ЖШС қолдауымен іске қосылған зауыт жылына 31,2 мың дана жарық диодты шам шығаруға қауқарлы. Қазақстанның индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып отырған жобаның құны 98,3 млн теңгені құрап отыр. Кәсіпорын аудандық индустриялды аймақта орналасқан.
Қызылорда өңірі қолға алып отырған жарық диодты шамдар жасау жобасы қазіргі нарық жағдайында өте өзекті. Аталған өндіріс қуат көзін үнемдеуге мүмкіндік береді. Энергияның өзін үш есе үнемдесе, оған шамдардың ұзақ мерзімге жарамдылығын қосыңыз.
«Зауытта шығарылатын өнім түрлерін пәтерлерде, қоғамдық және кеңселік ғимараттарда пайдалануға болады. Қазірдің өзінде Жалағаштың ең үлкен көшесі осы диодты шаммен жарықтандырылған. Енді бұл жұмысты жалғастырып, облыс орталығында осындай үнемді шамдарға ауыстыру қажет», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қазір кәсіпорында 18 адам қызмет етуде. Толық қуаттылығында жұмыс істеген уақытта қызметкерлер саны 35-ке жеткізіледі.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды