• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Сербия Президенттері Астанадағы ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған концертті тамашалады

Қазақстан мен Сербия Президенттері Астанадағы ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған концертті тамашалады

28 Тамыз, 2015 18:03
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған концерт өтуде. Мерекелік концертті ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Сербия Президенті Томислав Николич тамашалады.

Салтанатты шараға «Конституция : халық бірлігі, тұрақтылығы, гүлденуі»  атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары шақырылды. Концерттік бағдарлама ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» шығармашылық қойылымынан басталды, оны «Астана опера» театрының опера және балет ұжымы мен Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық оркестрі орындап шықты.  

Сондай-ақ, концерт барысында Н.Назарбаеваныі «Туған елім» әні орындалмақ, сондай-ақ, сербтік «Чачак коло» халықтық әуені шырқалады.

Айта кетейік, Сербия Президенті Томислава Николичтің Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында ҚР мен Сербия арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар