• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті: Қазақстанда құрылыс пен сауда саласында сербтік капиталдың қатысуымен 20 кәсіпорын жұмыс істейді

ҚР Президенті: Қазақстанда құрылыс пен сауда саласында сербтік капиталдың қатысуымен 20 кәсіпорын жұмыс істейді

28 Тамыз, 2015 17:46
Қазақстанда құрылыс пен сауда саласында сербтік капиталдың қатысуымен 20 кәсіпорын жұмыс істейді, деді ҚР Президенті Н.Назарбаев Сербия Президенті Томислав Николичпен екіжақты құжаттарға қол қою барысында.

«Қазақстанда құрылыс пен сауда саласында сербтік капиталдың қатысуымен 20 кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтсақ, сербтік компаниялар Алматыдағы метрополитеннің бірқатар станцияларын салуға қатысты. Болашақта өңдеу саласы және көліктік құрылыс саласында, ШОБ пен туризм саласында бірлескен жоба ашу жоспарланған», - деді Елбасы.

Елбасы атап өткендей, Сербиямен келер жылы  сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Индира Кауметова

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар