Қазақстан мен Румыния аймақаралық ынтымақтастықты дамытуда

28 Тамыз, 2015 18:56
Бухарестегі Қазақстанның елшісі Дәулет Батырашев Румынияның ірі өндірістік және ауыл шаруашылығы орталықтарына жұмыс сапармен барып қайтты, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосы.

Констанца қаласында аймақтың губернаторы Константин Ионмен және қала мэрыі Дечебал Фарагеумен кездесті, олардың аясында мемлекеттер арасындағы аймақаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және болашағы талқыланды. 

Қазақстан елшісі Констанца теңіз портын  аралап, басқарма төрағасы Валериу Ионескумен келіссөздер жүргізді. Ол өз кезегінде Ақтау теңіз портымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді. Бұдан басқа Қазақстанның Канстанца теңіз портының терминалдарын пайдалану мүмкідіктері қаралды. 

Барлық жаңалықтар