- Басты
- Жаңалықтар
- Кадет корпусының 45 түлегі ҚР ҚК әскери бөлімдері бойынша бөлімше командирлерінің лауазымына кірісті (Фото)
Кадет корпусының 45 түлегі ҚР ҚК әскери бөлімдері бойынша бөлімше командирлерінің лауазымына кірісті (Фото)
Жиынның мақсаты – өңірлік қолбасшылық әскерлерінің өмірімен, тұрмысымен және дәстүрімен танысу. Осы орайда 45 түлек 40398, 27943, 10810 және 44736 әскери бөлімдері бойынша бөлімше командирлері лауазымдарына бөлінді. Жас сержанттарды жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарын және күнделікті іс-қимылға қатысты іс-шараларын өткізу кезінде сарбаздарды даярлау және басқару үшін қажетті дағдыларды және әдістерді оқытты.
Жауынгерлік даярлық пәні бойынша өткізілген сабақтар барысында уақытты көбі әскери психология мен педагогикаға бөлінді. Оқыту барысында күнделікті іс-қимыл сәттерінен кейбірі командирлер мен бағынысындағырөлін оқытатын сабақтар жүргізілді. Мысалы, бағыныстылар арасында шиеленіс туындаған кездегі сержанттың іс-қимылы. Оқытушылар жасаған оқиғалармен ұшырасқан сержанттар өз бетінше тиісті шешім қабылдап, содан кейін оған түсініктеме берді.
Оқыту үдерісінде сержанттар жауынгерлік даярлық пен әскери тәртіпке қатысты проблемалық мәселелерді талқылауға белсене қатысты. Барлық пәндер сынақтар мен тестілеу нәтижелері бойынша бағаланды. Жиын қорытындысы бойынша 40398 әскери бөлімінің кіші сержанты Е.Даниярбек (4 УКС орындау кезінде 96 ұпай жинады) және 44736 әскери бөлімінің кіші сержант А.Қажыбай (дене даярлығы бойынша нормативтерді орындау барысында ең көп – 247 ұпай жинады) үздік болып көзге түсті.
Жалпы жеке рейтингте үздік нәтиже көрсеткен кіші сержант С.Бекітаев (27943 әскери бөлімі) және кіші сержант А.Масяев (10810 әскери бөлімі) – орташа ұпай саны 4,3. Кадеттіктер сержант ретінде әскерлерде әскери қызметті әрі қарай өткізуге жоғарғы деңгейде даяр екенін айтады. Ұйымдастырушылар оқу-жаттығу әдістемелік жиынында алған қойған мақсаттарға қол жеткізгенін айтуда. Сержанттар бөлімше командирі ретінде атқаратын лауазымдарына лайықты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек