• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: Қазақстан 1995 жылы 30 тамызда 20 жылдық тарих дәлелдеген жалғыз дұрыс жолды таңдады

Н. Назарбаев: Қазақстан 1995 жылы 30 тамызда 20 жылдық тарих дәлелдеген жалғыз дұрыс жолды таңдады

28 Тамыз, 2015 11:51
Қазақстан 1995 жылы 30 тамызда Конституция туралы референдумда 20 жылдық тарих дәлелдеген жалғыз дұрыс жолды таңдады, деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірілік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында.

«Біз көптеген мемлекеттердің мемлекет болып қалыптасуы жақсылыққа апармағанының куәсі болдық, осы ретте Қазақстанның жаңа тарихы көптеген мемлекеттерге сабақ бола алады. 1995 жылы 30 тамызда  Конституция туралы референдумда Қазақстан жалғыз дұрыс жолды таңдады деп есептейтім, оны 20 жылдық тарих өзі дәлелдеді», -деп баса айтты Мемлекет басшысы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар