- Басты
- Жаңалықтар
- 25 қазақстандық әскери қызметшіге жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді (Фото)
25 қазақстандық әскери қызметшіге жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді (Фото)
Қарағанды облысы Спасск қаласындағы жаңа пәтерлердің кілттерін«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов салтанатты түрде табыс етті. «Біз екі бөлмелі жаңа пәтерлерге ие болдық. Ол біздің барлық талаптарымызға сай: кең, таза, жайлы. Бұл біздің отбасымыз үшін өте маңызды оқиға», - деді 36352 әскери бөлімінің офицері капитан Әнуар Жаубек.
Салтанатты іс-шараға қатысу үшін 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері Исмагил Ғалиуллин шақырылды. Соғыс ардагеріне генерал-майор Сұлтан Қамалетдинов «Сағадат Нұрмағамбетов» медалін табыс етті.
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Елбасының тапсырмаларын орындау барысында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін жан-жақты әлеуметтік қорғау жөніндегі мақсатқа сай жұмыстар жүргізілуде.Тұрғын үймен қамтамасыз ету осы бағыттағы маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Мен сіздерге пәтерлеріңіздің кілтін табыс еткеніме өте қуаныштымын», - деп атап өтті «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Қамалетдинов.
Сонымен қатар бүгінгі күні Спасскіде 100 пәтерлі көп қабатты үш тұрғын үй тұрғызылғанын айта кеткен жөн. Жуырда көптеген әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының өз үйлері болады.Қызмет атқару орындарында жайлы тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді