- Басты
- Жаңалықтар
- Қазғарыш пен Роскосмос ХҒС-тің ресейлік сегментіне ұшуын жүзеге асыру жөнінде келісімшартқа қол қойды
Қазғарыш пен Роскосмос ХҒС-тің ресейлік сегментіне ұшуын жүзеге асыру жөнінде келісімшартқа қол қойды
Бұл құжатқа Қазақстан тарапынан Қазғарыштың төрағасы Талғат Мұсабаев пен Ресей тарапынан Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігі басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Н. Иванов қол қойды.
Келісімшарттың мәні қазақстандық ғарышкер А. Айымбетовтің ғарышқа ұшу дайындығы мен оны жүзеге асыру және ғарышкерді ұшып келген соң оңалту жөніндегі қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындауға байланысты екендігін атап өткен жөн.
Қол қойылған құжаттың тармақтарына сәйкес, жоспарланып отырған ұшырылым ұзақтығы ұшқыш басқаратын ғарыш кемесінің ХҒС-пен түйісуіне дейінгі 2 тәулік пен бұрын бекітілген ұшу бағдарламасына сәйкес, Халықаралық ғарыш станциясы ресейлік сегментінің бортында 8 тәулік болуын қоса алғанда, он күнді құрап отыр.
Келісімшарт құны бір миллиард жүз миллион рубльді құрайды және ол өзгермейтін құнға ие.
«Бұл өте маңызды құжат, онда ғарыштық ұшырылымның барлық қыр-сыры қарастырылған. Негізгі бөлімнен басқа, оның тағы 11 қосымшасы бар. Мен қазақстандық және ресейлік мамандарға ризамын. Олар қысқа мерзімде, яғни 2 жарым айдың ішінде Келісімшартты дайындап шықты. Шын мәнінде, осы бағытта орасан зор жұмыстар жүргізілді», – деп атап өтті Талғат Мұсабаев.
Келісімшарт оған қол қойылған күнінен, яғни 2015 жылдың 26 тамызынан бастап күшіне енеді.
Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін Қазақстан ғарышкерінің ХҒС ресейлік сегментіне ұшуын жүзеге асыру үшін Қазғарыш пен Роскосмос делегациялары ғарыш саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келіссөздерін жалғастырды. Осы іс-шараның барысында Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Игорь Комаров Қазақстан мен Ресей Президенттерінің ХҒС-қа А.Айымбетовтің ұшуы туралы шешімдерін орындаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ екі елдің бейбіт мақсаттарда ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастығы туралы оң ниеттерін мақұлдады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады