Ұлттық банкте ұлттық және шетелдік валюта қоры жеткілікті – Смоляков

27 Тамыз, 2015 19:17
Ұлттық банкте ұлттық және шетелдік валюта қоры жеткілікті, деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков ОКҚ брифингінде.

«Шетелдік валютаның нарық қоры тұрақты, қазіргі жағдай бойынша барлық ауыстыру пункттері саты және сатып алу бойынша бірқалыпты жағдай байқалуда. Теңге болсын, шетелдік валюта болсын қор жеткілікті. ҚР Ұлттық банкінің әрбір филиалы ұлттық валютаның 1,5 ай қажеттілікке керек қорымен қамтылған», - деді ол.

Ол атап өткендей, ауыстыру пункттері 18.00-ден кейін және демалыс күндері   ақшаны ауыстыру тәртібін бұзбау үшін қадағалау жүргізілуде.

 

Барлық жаңалықтар