- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Сэм Наннмен кездесті
Елбасы АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Сэм Наннмен кездесті
Қазақстан Президенті бұл кездесудің Семей полигоны жабылған күн мен Біріккен Ұлттар Ұйымы атап өтетін Халықаралық ядролық сынаққа қарсы іс-қимыл күні қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екеніне тоқталды.
Мемлекет басшысы полигон жабылғаннан бергі жылдар бойы С.Нанн елімізге қолдау көрсетіп келгенін айтты.
«Бұл мәселенің тарихын сізден артық ешкім білмейді. Біздер үлкен жұмыс атқардық деп санаймын, ол жұмыс бүгінгі келісімге қол қоюмен аяқталып отыр. Қазақстан – дүниежүзілік антиядролық қозғалыстың бастамашысы әрі көшбасшысы, бұған оның моральдық құқығы бар. Мен өзім осы мәселеге арналған барлық халықаралық саммиттерге қатысып келемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
С.Нанн Қазақстанда аз байытылған уран банкін құру туралы келісімге қойылуының маңыздылығын атап өтті.
«Бұл – ядролық энергияны әскери мақсатта пайдаланудан бас тарту үшін барлық мемлекеттер ынтымақтасатын болашаққа қарай жасалған алғашқы қадам. Қазақстан және Сіз өзіңіз бұл орайда әрдайым үлгі көрсетіп келдіңіз, өзгелерді соңыңыздан ерттіңіз. Сіздің еліңіз бұл үшін қандай қадам жасағанын бүкіл әлем біледі, өйткені дәл осы жерде ядролық полигонды жабу туралы шешім қабылданды. Қазақстан ядролық бағдарламаларға қатысты не істеу қажеттігі туралы әрдайым жақсы өнеге көрсетіп келді», – деді АҚШ-тың бұрынғы сенаторы.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай жеделхаттар келіп түсуде