- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Біз өзіміздің ядролық циклды құрмай-ақ бейбіт атомды пайдалануға жағдай жасаймыз
Н.Назарбаев: Біз өзіміздің ядролық циклды құрмай-ақ бейбіт атомды пайдалануға жағдай жасаймыз
Кездесу барысында Елбасы МАГАТЭ бас директорын Қазақстанда аз байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылуымен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиға жемісті өзара іс-қимылдың қорытындысы болғанын атап өтті.
Қазақстан Семей полигонын жапты, біз ірі ядролық қарудан бас тарттық. Еліміз ядролық қару таратпау саясатын жүргізіп келеді. Бұл орайда біздің көзқарастарымыз ұқсайды деп ойлаймын, – деп атап өтті Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Қазақстанда өткен келіссөздердің бірінші раунды кезінде осындай Банктің қорынан ядролық отын алу мүмкіндігін Қазақстан тарапы бірнеше рет айтқанын атап өтті.
Ю.Амано шартқа қол қою шын мәнінде тарихи оқиға болғанына тоқталды.
«Бүгінде атом электр стансасын салуға ниетті немесе сондай жолды қарастырып отырған елдер уран нарығындағы кез келген ауытқуларға қарамастан, аз байытылған уран сатып алу мүмкіндігі бар екеніне сенімді бола алады. Осы маңызды бастаманы жүзеге асыру барысында Сіздің көшбасшылығыңыз негізгі рөл атқарды. МАГАТЭ атынан және бүкіл халықаралық қоғамдастық атынан Сізге өз ризашылығымызды білдіргіміз келеді», – деді Амано.
МАГАТЭ бас директоры сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режімін нығайту тұрғысынан бай тарихы, сондай барлық қажетті инфрақұрылымы бар Қазақстан мұндай банкті орналастыруға ең лайықты үміткер екенін айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы қазақстандықтарға осы тарихи қадамды түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.
«Қандайда бір елдің ядролық бағдарламасын уранды байытудан бастауы баршаны алаңдатады. Бұл оның заңсыз таралу қаупін тудырады. Ал біз өзіміздің ядролық циклды құрмай-ақ бейбіт атомды пайдалануға жағдай жасаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны 1,4 есе артқан