Астанада күзде ТМД елдері Президенттерінің кездесуі өтеді

27 Тамыз, 2015 19:24
Астанада 2015 жылы 16 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдері Президенттерінің кездесуі өтеді, деп хабарлады ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев.

«Астанада қыркүйек айының басында салалық кеңестердің жиындары өтеді, оның ішінде ТМД елдері білім беру бойынша кеңесінің отырысыда бар. Бұдан басқа, Астанада 16 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдері Президенттерінің кездесуі өтеді», - деді С. Лебедев.

Оның айтуынша, жақын арада Астанада сыртқы істер министрлерінің кездесулері өтеді.

«Ынтымақтастық аясындағы кездесу барысында  Қазақстанның ТМД-ны нығайтуға және сақтап қалуға мүдделі екені байқалды», - деп атап өтті ол.

«Қазақстан әрқашан интеграциялық бірлестіктің маңызды құрылымы болып келді және солай бола бермек», - деп толықтырды С. Лебедев.

 

Барлық жаңалықтар