А.Даулбаев: Қазақстанда бизнесті қорғауға ерекше мән беріледі

27 Тамыз, 2015 15:38
Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдауға ерекше мән беріледі, деді Бас Прокурор Асхат Даулбаев ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінде.

«Біздің елде бизнесті қорғауға ерекше мән беріледі. Бүгінде Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған толассыз шаралар қолданылуда, жеке бизнес елдің негізгі экономикасы болып саналады, сондай-ақ, бюджетке түсімнің көп бөлігін атқарады. Оның мақсаты елдің экономикалық әлеуетін көтеру. Оған прокурорлық «Бизнес тірегі – Опора бизнеса»  ақпараттық сервисі бағытталған», - деді ол.

Оның айтуынша, сервис онлайн режимінде интернет арқылы және СМС-сервис арқылы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Тексерілімдерді электронды түрде тіркеу» жобасы тексерістердің қайталануын жояды, олардың қысқалығының талаптарын қамтамасыз етеді.

«Айта кетерлігі, біз өз қызметімізді де ақпараттық ресурстармен қамтуға тырыстық», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар