• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысының моноқалаларында инфрақұрылымды жақсарту бойынша 73 жоба жүзеге асырылған

Қарағанды облысының моноқалаларында инфрақұрылымды жақсарту бойынша 73 жоба жүзеге асырылған

25 Қазан, 2013 11:17
Қарағанды облысының 8 моноқаласында инженерлік инфрақұрылымды жақсарту және әлеуметтік нысандарды жөндеу бойынша 73 жоба жүзеге асырылған, деп хабарлады облыс әкімі Бауыржан Әбдішев ОКҚ баспасөз конференциясында.

«27 моноқаланың 8-і біздің өңірде орналасқан. Инженерлік инфрақұрылымның, балабақшаларды, мектептерді, емханаларды және автожолдарды жөндеудің 73 жобасы жүзеге асырылған. Сондай-ақ, 40 млрд теңгеге 14 зәкірлі жоба қарастырылған», - деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, бұл шаралар кешені моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға және олардың жүйе қалыптастыратын кәсіпорындарға тәуелділігін азайтады.

«Мультипликативті әсер 20 жылға қарай өнеркәсіптік өндіріс 22%-ға артып, және де шағын кәсіпорындардың саны екі есе артады. Жылу және электр желілерінің тозуы 80-дан 60%-ға дейін төмендейді. Қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың артуы 36-дан 60%-ға дейін. Бұл бағдарламамен облыс халқының 40% қамтылады», - деп толықтырды Б.Әбдішев.

 

 

Барлық жаңалықтар