- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Шанхай ынтымақтастығы ұйымы халықаралық аренада елеулі күшке айналды
Н.Назарбаев: Шанхай ынтымақтастығы ұйымы халықаралық аренада елеулі күшке айналды
Прокуратура басшылары Астанаға Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-отырысына және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттер бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 25-отырысына қатысу үшін келді.
Кездесуде ШЫҰ және ТМД аясында заңдылықты, қауіпсіздікті және өңірдегі тұрақтылықты сақтаудың маңызды мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы ТМД елдері прокуратураларының өзара іс-қимылын күшейтудің қажеттігін атап айтты.
«Сіздер осы форматта 20 жылға жуық уақыт бойы кездесулер өткізіп келесіздер, ал 15 жыл бұрын ТМД-ның халықаралық органы мәртебесіне ие болдыңыздар. Әрбір отырыс арқылы қарым-қатынасты нығайта түстіңіздер. Сонымен қатар, 2001 жылдан бері Шанхай ынтымақтастығы ұйымы жұмыс істейді, ол халықаралық аренада елеулі күшке айналды. Соңғы отырыста ұйымға жаңа мүшелер қабылдау жөнінде шешім қабылданды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл орайда Қазақстан Президенті терроризммен және экстремизммен, сондай-ақ трансұлттық қылмыстың өзге де түрлерімен күрес мәселелері бойынша бірлескен тиімді қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталып, бұл сұхбат прокурорлардың өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты.
Мемлекет басшысы осындай кездесулер заң үстемдігін және ШЫҰ, ТМД елдері аумағында қылмысқа қарсы бірлескен күресті күшейтуге септігін тигізеді деп үміттенетінін жеткізді.
Кездесу барысында Бас прокурор А.Дауылбаев Қазақстан Президентіне ұйымға бақылаушы елдер – Үндістан, Ауғанстан және Беларусь ведомстволары басшыларының қатысуымен өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорлары отырысының нәтижелері туралы баяндады.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды