- Басты
- Жаңалықтар
- Арқалық станциясында жол шаруашылығы жаңартылды
Арқалық станциясында жол шаруашылығы жаңартылды
Құрылысшылар қолданыстағы жолдарды аршып, бағыттауыш бұрмаларды жаңартып, кірленген балласт қабатын тазалау жұмыстарымен айналысады. Р-50 ескі ағаш рельстерінің орнына Р-65 темір бетонды шпал мен білемдер төселіп, шағылтас балласт жолдарына салынады.
Сондай-ақ 19 бағыттауыш бұрмалар ауыстырылып, 300 метрден астам станциялық жолдар мен 800 метр шамасындағы кірме жолдар қайта жаңартылады.
Арқалық станциясының бастығы Зейнеш Баймағамбетованың айтуынша жүк ағымдары күн санап арта түсуде. Күн сайын Шұбаркөл жақтан көмір тиелген жылжымалы құрамдар келіп жатады. Маусымдық астық тасымалдау және егістікті жинауға дизель отындары да көптеп жеткізілуде. Мұның барлығы да біздің кірме жолдар арқылы өтеді. Таяу арада соңғы үлгідегі станцияға айналатын түріміз бар.
«Арқалық – Шұбаркөл құрылыс желісі жобасы аясында Арқалық станциясын толығымен жаңғырту қажет. Біз өткен жылы теміржол вокзалын қайта жаңарттық. Қазіргі таңда Арқалық станциясының басталар тұсындағы тақ жолдарға рельстер төсеудеміз», - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - Темір жол желісі құрылысы дирекциясы директорының орынбасары, Арқалық – Шұбаркөл темір жол желісі құрылысының басқарма бастығы Жомарт Тоқтаров.
Құрылысшылар жөндеу жұмыстарын бір ай ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер