- Басты
- Жаңалықтар
- Чехиялық компания ШҚО-да құс етін өндіретін жаңа фабриканы ашуға мүдделі
Чехиялық компания ШҚО-да құс етін өндіретін жаңа фабриканы ашуға мүдделі
Жылына 30 мың тонна ет өнімін шығаратын құс фабрикасы Үржар ауданында салынады деп жоспарлануда. Аталмыш инвестициялық жобаны жүзеге асыру құс етін сырттан әкелуді азайту сынды мемлекеттік маңызы зор тапсырманы шешеді.
«Инвестициялық жоба бойынша, біз бизнес-жоспар құрдық. Азық базасымен қамтамасыз ету мақсатында, біздің тарапымыздан 30 мың га жер және 6 мың га суармалы жер бөлінетін болады. Тиісінше инфрақұрылыммен де қамтимыз», – деді Даниал Ахметов.
«Бауэр Техникс» компаниясының коммерциялық директоры Карл Ликарже, бұл жобаға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, бизнес-жоспармен танысып, облыс әкімдігінің тиісті мекемелерімен тығыз жұмыс істеген соң, жақын уақытта тұжырымды ұсыныстарын беретіндіктерін баса айтты.
«Бауэр Техникс» компаниясы мал шаруашылығы және азық өнеркәсібі саласындағы ірі жобаларды жүзеге асырумен айналысатынын айта кету керек. Компания Дания, Ресей, Украина, Беларусия және Словакия елдерінде құс фермаларын, сүт-сауда және шошөа фермаларын салған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр