- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан – Корея достық бақшасы ашылады
Астанада Қазақстан – Корея достық бақшасы ашылады
26 Тамыз, 2015 16:47
Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша Астана қалалық әкімдігінің халықаралық серіктестік бөлімі өкілдері мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – Корея достық бақшасын» ашу туралы келіссөздер жүргізілді, деп хабарлады астаналық сайт.

Аталған жобаны Корей Республикасының 1 млн доллар көлеміндегі инвестициялық қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
Аталмыш бақша "Арай" саябағына қарайтын аумақта, Жауқазын көшесі бойында орналасады. Жалпы аумағы 1,2 га құрайды. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдың маусым айында басталады деп жоспарланған.
Достық бақшасын құру мақсаты - серіктестікті нығайту және Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын дамыту болып табылады.
Кеңес қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігі мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасында «Қазақстан – Корея достық бақшасы» жасыл аумағын құрудағы серіктестік бойынша өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру

