- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен Пәкістанның Премьер-Министрі екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
Н.Назарбаев пен Пәкістанның Премьер-Министрі екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар сөз болды.
Қазақстан Президенті Пәкістанның жүйелі дамуындағы Н.Шарифтің атқарған рөлін атап көрсетті.
«Сіз күрделі жағдайда елде экономикалық және саяси реформаларды табысты іске асырып, Пәкістанның беделі мен рөлін көтеретін белсенді халықаралық саясат жүргізіп отырсыз. Қазақстан мен Пәкістан орналасқан өңірдің елдері өзара сауда және мәдени қарым-қатынастар тұрғысынан әрдайым тығыз байланысты болды. Ілгеріде Сіз біздің бұрынғы астанамыз Алматыға келген болатынсыз. Содан бергі аз уақыт ішінде біз жаңа елорда салдық, оны бүкіл қазақстандықтар мақтан тұтады. Бұл қала – біздің тәуелсіздігіміз бен еліміз егемендік жылдарында жеткен жетістіктердің символы», – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде, Н.Шариф Нұрсұлтан Назарбаевқа шақыртуы үшін алғыс айтып, екі халықтың байланыстарының сан ғасырлық тарихы бар екенін атап өтті.
«Мен Сіздің көшбасшылық қасиетіңізге тәнтімін және Сізді ерекше қабілет иесі деп есептеймін. Бүгінде Астанадан біздің көретіндеріміздің бәрі – Сіздің еңбегіңіз», – деді Пәкістан Премьер-министрі.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі