- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Мәми Үндістанның Бас прокуроры М.Рохатгимен сот саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қ.Мәми Үндістанның Бас прокуроры М.Рохатгимен сот саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Жоғарғы Сот Төрағасы аталған кездесу екі елдің құқық саласында табысты байланыстарды орнатуда маңызды екенін атап өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастардың өзара түсіністік пен сенімнің дәстүрлі ахуалында дамып келе жатқанына ерекше тоқталды.
Қ. Мәми шетелдік қонақты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспары шеңберінде сот жүйесін реформалау жайынан хабардар етті. Үш сатылы сот жүйесіне көшу, Жоғарғы Сот жанынан инвестициялық істер бойынша мамандандырылған алқа және Халықаралық консультативтік кеңес құру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Астана қаласында AIFC Халықаралық арбитраждық орталығын құру, тергеу судьясының өкілеттігін және алқабилер соты қолданатын салалардың аясын кеңейту тәсілдері кеңінен сөз болды. Әңгімелесу барысында Қ. Мәми Қазақстан сот жүйесі қызметінің ерекшелігіне жан-жақты тоқталды, сондай-ақ соттар жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізуде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Кездесу аясында сот істері бойынша құқықтық көмектер көрсету мәселелеріндегі ынтымақтастық жөнінде байыпты пікір алмасылды.
Іс-шара қорытындысында тараптар екі ел соттарының қызметі мәселелері бойынша ынтымақтастық аясы одан әрі кеңейе түсетініне өзара сенім білдірді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді