• Басты
  • Жаңалықтар
  • Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісі станцияларында жолаушылар платформасын жайластырып құрылғылау басталды

Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісі станцияларында жолаушылар платформасын жайластырып құрылғылау басталды

27 Тамыз, 2015 09:12
Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісіндегі станцияларда жолаушылар платформасын жайластырып құрылғылау басталды, деп хабарлады ҚТЖ.

«ҚТЖ» ҰК»  АҚ филиалы - Темір жол желісі құрылысы дирекциясы директорының орынбасары Жомарт Тоқтаров хабарлағандай, Терісаққан, Шұбаркөл станцияларында жолаушылар платформалары салынып жатыр. Бұл нысандар белгіленген кестеде бірінші кезекте тұр. «Екінші кезектегі станциялар мен жол айрықтарында құрылыс келесі жылы жүргізіледі», - деді ол.

Сонымен қатар, Қостанай темір жол бөлімшесі келесі жылдың өзінде Арқалықтан Шұбаркөлге дейін және одан әрі бағыттарда жолаушылар пойыздары жүре бастайтындығына сенімді.

Атаолып өткендей, жолаушылар қозғалысының ашылуы Қазақстанның барлық аймақтарына еш кедергісіз жетуге мүмкіндік береді.

Арқалық – Шұбаркөл темір жол желісінде барлығы 5 станция және 4 жол айрықтары орналасқан.

Барлық жаңалықтар