Оралда қазанның соңына дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі

26 Тамыз, 2015 20:47
Оралда қазан айының соңына дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлады БҚО ІСБ баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, жәрмеңкені өткізу арқылы жергілікті жұрт төмен бағамен көкөністер мен жеміс жидектерге қол жеткізді. Сонымен қатар, жәрмеңке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге еш шығынсыз тауарларын өткізуге мүмкіндік берді.

Алғашқы жәрмеңкеге 60-қа жуық шаруа қожалығы қатысты. Қожалықтар тауарды нарықтық бағадан 15-20% төмен сатты.

Қала басшылығы сауда алаңдарын әр шағын аудандарда орнаастыруды жөн көрді. Сонымен қатар әр ауданға шағын ауданнан бекітілді.

«Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбіде қазан айының соңына дейін өткізіледі»,  делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар