- Басты
- Жаңалықтар
- NITEC ашық үкіметті енгізу жөніндегі жұмыс кездесуі өтті
NITEC ашық үкіметті енгізу жөніндегі жұмыс кездесуі өтті
Мәжіліс ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің төрағасы, сондай-ақ 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыру бойынша Модернизациялау жөніндегі ұлттық комиссияның есеп беруге міндетті мемлекетті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының «Ашық үкіметті енгізу» кіші тобының жетекшісі М. Әшімбаевтің қатысуымен өтті.
Өз сөзінде Әшімбаев «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы бойынша ендігі оның талқылануы парламентте қыркүйек айының басынан басталатындығы атап өтіп, жұмыс барысы туралы хабарлады.
Іс-шара барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдерімен ашық үкімет, ашық НҚА порталдарының жұмысы, МО бірінші басшылары блогтарының жұмысы, сондай-ақ ашық деректер негізіндегі қосымшалар мен «Photo2Gov» қосымшасы көрсетілді.
Бүгінгі күні data.egov.kz порталында білім беру, медицина мекемелері туралы, мәдениет, қауіпсіздік объектілері туралы, көлік секторы деректері, сонымен қатар қалалар бойынша қылмыс, жол-көлік оқиғасы статистикасы мен статистикалық көрсеткіштер және тағы басқалар туралы 300-ден астам деректер жиынтығы қолжетімді. Деректер жиынтықтарынан басқа порталда ашық деректер негізінде құрылған қосымшалар бөлімі бар. Одан басқа порталда API интерфейсі көмегімен мемлекеттік органдар жүйелеріне қолжетімділік мүмкіндігі бар.
Ашық үкіметтің тағы бір құрауышы «Ашық НҚА», ол ҚР азаматтарының әзірленудегі заң жобаларын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен рұқсат беру құжаттарын талқылау мақсатында құрылған. Ашық НҚА азаматтарға заң жобасымен мемлекеттік орган мен одан жоғары инстанцияларға кетпес бұрын танысуға мүмкіндік береді.
Кездесуде сонымен қатар халықаралық тәжірибе де талқыланды, атап айтқанда Ұлыбритания мен Сингапур елдерінің тәжірибесі.
Естеріңізге салсақ, қазіргі уақытта «Ұлттық ақпараттық тенологиялар» АҚ азаматтар мен бизнестің ашық деректерге мұқтаждығын анықтау үшін бір қатар іс-шаралар өткізілуде. Кездесулер қорытындысы бойынша қалыптасқан және мемлекеттік органдармен келісілген деректер тізімі ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңы қабылдағаннан кейін ашық түрде жариялануға міндетті болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде