- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ректоры А.Мұсақожаева Данкук Университетінің докторы атағына ие болды
Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ректоры А.Мұсақожаева Данкук Университетінің докторы атағына ие болды
Құрметті PhD ғылым докторы дипломын танымал қазақстандық скрипкашы Данкук Университетінің ПрезидентіХо-сунг Чангтың қолынан алды. Салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі Оңтүстік Кореяның жетекші университетінің түлектерін жыл сайынғы ресми марапаттау аясында өтті.
«Бүгін мен үшін ерекше күн. Данкук Университетінің құрметті докторы дәрежесін алу мен үшін үлкен мәртебе әрі екі елдің халықтары алдындағы үлкен жауапкершілік. Мен негізін Елбасы Н.Ә. Назарбаев қалаған Қазақ Ұлттық Өнер Университетіне ашылған сәттен басшылық етіп келемін. Міне осы екі онжылдық бойы білім ошағы Тәуелсіздігіміздің жемісі мен жеңісіне куә болып, нығая түскен мемлекетімізбен бірге дамып, өсіп келеді. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде барлық күш-жігерімді арнап, сарқылмас шабыт аламын», — деп атап өтті Айман Мұсақожаева.
Есімі әлемге әйгілі танымал скрипкашы университеттің Президенті мен жетекші топ-менеджерлеріне Данкук университетінің құрметті ғылым докторы атағын сеніп тапсырғандары үшін өз алғысын білдірді.
« Университеттеріңіздің басты ерекшелігі жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту болып табылады, бұл өз кезегінде мәдениеттің дамуына, дүниетанымның қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Университет ғылыми-ағартушылық, мәдени орта қалыптастыруда, оның әлемнің алдыңғы шебіндегі білім ордаларының қатарына енуге зор әлеуеті бар», — деді Айман Мұсақожаева.
Данкук университеті корей елінің ұлттық мұраты мен мүддесін жүзеге асыруға айрықша үлес қосып, мәдени дәстүрі мен бай тарихты негізде дамып келе жатқан университет ретінде белгілі.
Бірнеше даму кезеңдерінен өткен Данкук Университеті мектептік білім беру жүйесінен бастап, бакалавриат, магистратура және докторантура сияқты халықаралық жоғары білім беру бағдарламаларына дейінгі жолды өтіп, Кореяның жетекші университеттеріне айналды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері