- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев Таразда Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге дайындық барысымен танысты
Б.Сапарбаев Таразда Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге дайындық барысымен танысты
Таразда вице-премьер облыс орталығының Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге дайындығын тексерді. Атап айтқанда, ол «Қазақ хандығы» монументінің құрылыс алаңын және оның маңайындағы гүлзарды абаттандыруды қарап шықты. Оған қоса, вице-премьер музей, Достық үйі және мерейтойға арналған сәулет ғимараттары құрылысының барысымен, сондай-ақ бірқатар қалалық гүлзарлар мен көшелерді абаттандырумен танысты. Бұдан бөлек, вице-премьер жөндеу жұмыстары жүріп жатқан облыстық драма театрында және «Тараз» орталық стадионында болды.
Жұмыс бағдарламасының тағы бір бөлігі сауда орындарын, АЖҚС және айырбастау пункттерін аралау болды, онда вице-премьер азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына, ЖЖМ-на бағалармен және айырбастау валюталарының бағамдарымен танысты. Б.Сапарбаев бағалар тұрақтылығын және бір қалыпты әлеуметтік жағдайды атап өтті.
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының, қоғам және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте сапар қорытындысы жасалды.
Отырыс барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелерінің кең ауқымы қаралды. Облыстағы баға белгілеуге бақылау жүргізу, жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу тақырыптарына айрықша көңіл бөлінді. Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқандығын айтып өтті.
Б.Сапарбаев мемлекеттік органдарға азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті тауарлар бағаларын одан әрі мониторингілеу және оларды ұстап тұру бойынша шаралар кешенін қабылдау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді