• Басты
  • А.Мырзахметов мембағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қадағалау бойынша жаңа әдістерді ұйымдастыруды ұсынды
25 Тамыз, 2015 18:11

А.Мырзахметов мембағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қадағалау бойынша жаңа әдістерді ұйымдастыруды ұсынды

Мембағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қадағалау бойынша жаңа әдістерді ұйымдастыру қажет, деді Астанадағы республикалық кеңесте «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов.
А.Мырзахметов  мембағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қадағалау бойынша жаңа әдістерді ұйымдастыруды ұсынды

«Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Саяси кеңесі Бюросының отырысында жетекші әрі бүкіл халық алдындағы жауапты саяси күш ретінде «Нұр Отанның» алдындақазіргі күні аса маңызды міндеттер тұрғанын атап көрсетті.Мемлекет басшысы «Нұр Отанға» қазақстандықтарды Бес институционалдық реформаны және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыруды, «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын тиімді бақылаумен қамтамасыз етуді, сонымен қатар, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға ықпал етіп, барлық туындайтын мәселелер бойынша халықпен белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды», - деді А.Мырзахметов.

«Жыл өткен сайын қоғамдық қабылдауларға мұң-мұқтажын айта келушілердің арта түсуі «Нұр Отанға» деген халық сенімінің бір көрсеткіші. Алайда, ендігі жерде біз істің нәтижелілігін тек келіп түскен өтініштер көлемімен ғана емес, қарапайым тұрғындар мәселелерінің қаншалықты түбегейлі шешімін тапқанымен өлшеуге тиіспіз.

Ол үшін ең алдымен арыз-шағымдардың түп-төркініне үңілген жөн. Яғни, белгілі бір өтініш қандай себеппен түсті, бұл қандай орган жұмысының кемшілігі дегенді анықтап, соған сай халықтың мәселесін нақты шешудің тетіктерін іске асыру қажет», - деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Яғни өз деңгейінде берілген құзыретіне сәйкес атқарушы органдардың жұмысы да бағаланатын болады.

Осылайша «Нұр Отан» билеуші саяси күш ретінде азаматтарды толғандырған мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, сондай-ақ, халықпен тұрақты байланыс орнатып, жұртшылықтың сенімін арттыру арқылы партияластар қатарын одан әрі ұлғайтуды жалғастыра бермек. Бұл жерде санға ғана емес, негізінен сапаны арттыруға да үлкен көңіл бөлінеді.

Ботагөз Айтжанова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды