• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті бес институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы есепті тыңдады

ҚР Президенті бес институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы есепті тыңдады

25 Тамыз, 2015 17:32
Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жиында Бес институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды.

Мемлекет басшысы жаңғыртудың әрбір бөлігі бойынша нақты қадамдар көзделгенін атап өтті.  

«Бүгінгі таңда комиссия үлкен жұмыс атқарды. Біз қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізуге бағытталған актілердің жобасын тыңғылықты қарауды қажет ететін кезеңге келіп жеттік. Қазірдің өзінде 57 заң жобасы әзірленді, соның 29-ын Үкімет 1 қыркүйекте Парламенттің қарауына енгізеді», – деді Қазақстан Президенті.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

 

Барлық жаңалықтар