- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 23 кәсіпорын қолдау ретінде жарты миллиард теңге алады
Алматы облысында 23 кәсіпорын қолдау ретінде жарты миллиард теңге алады
Өтініш бергендер - негізінен мал шаруашылығы, медицина, туризм, сауда, жүк және жолаушы тасымалдау саласында жұмыс жасайтын кәсіпорындар.
Мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындардың ішінде «Dolce» ЖШС, «Centre Nova Diagnostic» ЖШС, «Dostyk Cargo Service» ЖШС, «Дорснаб» ЖШС көпсалалы компаниясы, «КазМалы» ЖШС, «Водолей» ЖШС және 17 жеке кәсіпкер несие қаражатына негізгі құрал - жабдықтар мен ғимарат сатып алуды жоспарлауда.
Барлық жобаларға несие бойынша 7-ден 10 пайызға дейін субсидия бөлінбек, сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігі беріледі.
Солардың бірі Ұйғыр ауданындағы «КазМалы» ЖШС Герефорд және Ангус тұқымды мал басын ұлғайтпақ, ал Алакөл ауданындағы «Dostyk Cargo Service» мекемесі жақында көліктік-логистикалық терминал салуды жоспарлап отыр.
Ал кәсіпкер Ким Константин Ескелді ауданында жүк тасымалдау саласын дамыту бағытында жеке кәсібін ашуда.
Жалпы Алматы облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жылдың басынан бастап Аймақтық үйлестіру Кеңесі 5,5 млрд.теңге құрайтын 65 жоба мақұлдады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді