Астанада тепловоздарға сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды

26 Тамыз, 2015 12:49
Астанада Локомотив құрастыру зауытынан шығарылған ТЭЗЗА тепловоздарына сервистік қызмет көрсету орны ашылды. Мұндай орталықтар Аягөз, Сексеуіл, Мақат, Алматы станцияларында бұрыннан қызмет етіп келеді, деп хабарлады ҚТЖ.

Астанадағы жаңа кәсіпорында солтүстік өңірдің Астана депосы Қарағанды, Есіл, Бурабай шипажайы локомотив деполарының тепловоздарына техникалық қызметтер көрсетеді.

«Жаңа сервистік орталықтың ашылуы арқылы локомотивтерді шығандағы орталықтарға апармай-ақ, оның техникалық ақауларын Астанада тез ретке келтіреміз. Сонымен бірге Аягөз, Сексеуіл секілді мыңдаған шақырымдарға жұмсамай, шығынын азайтамыз. Елордасындағы орталықтың негізгі қызметі СО-1 деп аталатын техникалық (фильтрді, дизель отынын ауыстыру, жабдықтарды тексеру) қызмет көрсетеді. Сонымен қатар мұнда жұп доңғалақтарды жонып, ұсақ ақауларды қалпына келтіру жұмыстары жасалады»,- дейді «Локомотив» АҚ жөндеу басқармасының бастығы Елдос Тоқбергенов.

 

Барлық жаңалықтар