- Басты
- Жаңалықтар
- Астана қаласы мемлекет бюджетіне шамамен 7,5 млрд теңге аударады
Астана қаласы мемлекет бюджетіне шамамен 7,5 млрд теңге аударады
Соңғы 5 жылда елорда бюджеті 1,2 есе өсті (301,8 млрд теңгеден 376,9 млрд теңгеге дейін). Жеке табысы 2,3 есеге артты (77,3 млрд теңгеден 176 млрд теңгеге дейін). Қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының хабарлауынша, 2015 жылы Астана қаласы алғаш рет мемлекеттік бюджетке 7,5 млрд теңге шамасында ақша аударады.
Қала бюджетінің 32% әлеуметтік блокқа тиесілі (117 млрд теңге). 5 жыл ішінде білім беру саласындағы шығындар 2 есе өсті (46,1 млрд теңгеге дейін). Қаланың білім беру саласындағы мекемелер жүйесіне 80 балабақша, балаларға арналған 11 шағын орталық, 75 мекеп, 2 қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған 1 «Зерде» мектебі, 1 арнайы коррекциялық мектеп-интернаты, 1 кешкі мектеп, 11 колледж, 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық коррекция орталығы, 2 қалпына келтіру орталығы және 2 коррекция бөлмесі, 1 балалар үйі, отбасылық типтегі 1 балалар ауылы, 1 кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу мен қалпына келіру орталығы, 1 ақпараттандыру орталығы, сонымен қатар, балаларға қосымша білім беретін Оқушылар сарайы мен 12 ұйым бар.
Денсаулық сақтау саласындағы шығындар 5 жылда 1,7 есеге артты (38,8 млрд теңге). Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдар жүйесіне 18 медициналық ұйым кіреді, соның ішінде: 1221 төсек орындық 5 стационар, 6 амбулаториялық-поликлиникалық ұйым (5 поликлиника, 1 ЖҚТБ-мен күрес және алдын алу орталығы); 1 жедел медициналық жәрдем қалалық станциясы, 4 басқа да ұйымдар және 2 медициналық білім беру ұйымы.
5 жыл ішінде бюджеттің ТКШ саласындағы шығыны 84,1 млрд теңгеге дейін өсті (бюджеттің 22%).
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді