- Басты
- Жаңалықтар
- «Ата заңға адал» акциясының қорытындысы бойынша үлгілі әскери қызметшілер марапатталды
«Ата заңға адал» акциясының қорытындысы бойынша үлгілі әскери қызметшілер марапатталды
Аталып өткендей, акцияға ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты. Жалпы, 700-ге жуық адам. Акцияның басты мақсаты - мемлекеттің негізгі Заңын, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяны құрметтеу дәстүрін нығайту.
«Елімізді қорғау мен қауіпсіздік баршасынан жоғары. Біздің әскерлеріміз еліміздің егеміндігін әрқашан қырағыдай қорғауда, Конституция мемлекетіміздің басты заңы, оны бұлжытпай орындау арқылы еліміздің саяси, мәдени, қоғамдық және рухани дамуы алға ілгерілеуде. Әскеріміздің алдында әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндеті тұр. Ол үшін бізде барлығы бар», - деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов
Өскемендегі «Ата заңға адал» патриоттық акциясы аясында міндеттерін орындауда ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді мадақтау және марапаттау рәсімі өте әсерлі өтті. Онда «Үздік жас отбасы», жауынгерлік сайыстың озаты», «Үздік аға тәлімгер», «Үздік кіші командир» байқауларының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.
Марапаттау рәсіміне Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова қатысып, тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерімізге еліміздің Басты заңы негізінде қол жеткізілгенін атап өтті.
Айта кетерлік жайт, «Ата заңға адал»патриоттық акциясымен ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің барлық гарнизондары қамтылды, бұл дегеніміз ҚР ҚК 70%.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі