- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
«Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ қызметін қамтамасыз ету қажеттігіне тағы да назар аударды», - деп хабарламада нақтыланған.
«Бұл үшін алда әлі де орасан зор жұмыстар атқарып, 2014 жылғы мамырға қарай Одақ туралы шартты әзірлеуді аяқтау міндеті тұр. Елдеріміздің парламенттері бұл құжатты ратификациялауы қажет. Сондай-ақ, біз елдеріміз арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға кедергі келтіретін түрлі шектеулерді жою жөнінде шаралар қабылдау туралы келістік. Еуразиялық экономикалық комиссия бұл бағыттағы өз жұмысын жалғастырады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған қоса, Мемлекет басшысы қазіргі кезде өзара тиімді сауда үшін барлық кедергіні жою туралы, атап айтқанда, түрлі тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету жайлы келісімге қол жеткізілгенін айтты.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті интеграциялық бірлестікке жаңа мүшелерді қабылдауда экономикасы Кеден одағы елдерінің даму деңгейімен сәйкес келуге тиістігі жөнінде жіті көзқарас болу қажеттігін атап өтті.
Сөз соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олардың арасында мынадай шешімдер бар:
– «Интеграцияны дамытудың негізгі бағыттары және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасымен жұмыс барысы туралы»;
– «Еркін сауда аймағы туралы шартқа 2011 жылғы 18 қазандағы 6 ұсынысты қарастыратын шаралар туралы»;
– «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістігіне Армения Республикасының қосылуы туралы»;
– «Бәсекелестік туралы» модельдік заң туралы;
– «Кеден одағының кедендік аумағы бойынша есірткі заттарының, психотроптық заттарының және олардың прекурсорлары қозғалысының тәртібі жөніндегі келісім туралы»;
– «Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы бюджетінің орындалуы туралы жылдық есеп туралы»;
– «Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері мен Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлері ұсынған табыстары туралы мәліметтердің анықтығы мен толықтығын, мүліктері мен мүліктік сипаттағы міндеттемелерін, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің табыстары, мүліктері мен мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді тексеру Ережелерін бекіту туралы».
Сондай-ақ, «Кеден одағының кедендік аумағы бойынша есірткі заттарының, психотроптық заттарының және олардың прекурсорлары қозғалысының тәртібі жөніндегі келісімге» қол қойылды және Армения Республикасының еуразиялық интеграциялық процеске қатысу туралы Өтініші қабылданды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары