Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындауларды жүзеге асырды

24 Тамыз, 2015 20:28
Акорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық тағайындауларды жүзеге асырды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Мемлекет Басшысының Өкімімен Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Талғатұлы Ақышевқа Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқару жүктелді.

Барлық жаңалықтар