- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада МАГАТЭ төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімге қол қойылу рәсімі өтеді
Астанада МАГАТЭ төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімге қол қойылу рәсімі өтеді
«Қазақстан дәл қазір үлкен қадам жасағалы тұр. Тамыздың 27-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан үкіметі және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) арасында Қазақстанның аумағында МАГАТЭ төмен байытылған уранның банкін (ТБУБ) құру туралы келісімге қол қойылу рәсімі өтеді», деп хабарлады ҚР СІМ халықаралық ақпараттар комитетінің төрағасы Роман Василенко.
Астанада өтетін салтанатқа Ұлыбританияны, Қытайды, Ресейді, АҚШ-ты және Францияны, сондай-ақ жобаның демеуші елдері ЕО-ны, Норвегияны, Кувейтті, БАӘ-ні қоса алғанда, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше мемлекеттер өкілдері қатысады. Келісімге Қазақстан атынан ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, МАГАТЭ атынан – Ұйымның Бас директоры Юкия Амано қол қояды.
ТБУБ дүниежүзі елдерінің атом электр станцияларына арналған отынға сенімді түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Банк Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты (ҮМЗ) аумағында орналасатын болады.
Анар Тәңірқұлова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді