- Басты
- Жаңалықтар
- Арқалық- Шұбаркөл жаңа теміржол желісі арқылы Шұбаркөл резервінен айына 4 млн тонна көмір тасымалданады
Арқалық- Шұбаркөл жаңа теміржол желісі арқылы Шұбаркөл резервінен айына 4 млн тонна көмір тасымалданады
Естеріңізге сала кетейік, бұл темір жол желісінің іске қосылуына өткен жылы тамыздың 22-сінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат еткен болатын. Содан бері осы уақытқа дейін қазақстандық және шетелдік сұраныс иелеріне 3-тен 5-ке дейін бағдарларға көмір жөнелтілуде.
Бұрын көмірді Қызылжар арқылы айналма жолмен жеткізіп келсе, ендігі жерде екі есе қысқа қашықтықпен тіке бағдарда жөнелтеді.
«Тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Станциядан айына 5545 вагон, яғни 4 миллион тоннаға дейін көмір тиейміз. Мұның барлығы Арқалық бағдарына одан әрі Ресейге,ТМД елдеріне бағыт алады. Көбіне Финляндияға жеткізілед»і,- Шұбаркөл станциясының бастығы Әсет Сәдуақасов.
Арқалық-Шұбаркөл темір жол желісінің ұзындығы 215,9 шақырым болады. Темір жол Қарағанды және Қостанай облыстары аумағымен өтеді.
«2015 жылғы шілдеде құрылыстың 1-ші кезегіндегі бірінші өткізу кешенін жұмыс комиссиясы қабылдап алды. Құрылыстың екінші кезегінің кешені аяқталған соң, сонымен қатар бірінші кезегімен бірге Мемлекеттік комиссияның қабылдауы өткізіледі»,-дейді Арқалық-Шұбаркөл темір жол желісі құрылысының басқарма бастығы Жомарт Тоқтаров.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда мұндағы еңбеккерлердің жұмыс жасауы мен тұрғылықты жағдайы аса жайлы. Арқалық станциясында вокзал қайта жаңғыртудан өткізілсе, еңбеккерлерге арналған 45 пәтерлік тұрғын үй бой көтерді. Шұбаркөл станциясында 8, жол айырықтарында 10 екі пәтерлік үйлер салынды. Екінші өткізу кешені іске қосылған кезде, Шұбаркөл станциясында 18 екі пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.
Жаңа темір жол желісі аймақтың индустриялық дамуына, өңірдің гүлденуіне серпін берді. Жол бойындағы жаңа кен орындарын барлау мен игеру жұмыстары басталып та кетті.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары