- Басты
- Жаңалықтар
- С.Мұсайбеков: Моңғол дзюдошысы әлем біріншілігінде Қазақстан атынан сынға түседі
С.Мұсайбеков: Моңғол дзюдошысы әлем біріншілігінде Қазақстан атынан сынға түседі
«Моңғол дзюдошысы Отгонцэцэг Галбадрахпен келіссөздер өткен жылы олардың бастамасымен басталған болатын. Бұл қыз әлемнің үздік дзюдошыларының бестігіне кіреді. Ол өз еркімен Қазақстан атынан өнер көрсеткісі, Қазақстан құрамасының сапында олимпиадалық жетістіктерге жеткісі келді. Бір сөзбен айтқанда өзінің спортшы ретіндегі талантын біздің елімізде көрсетуге ниет танытып отыр», - деді С.Мұсайбеков.
Вице-министр атап өткендей, мұндай мысалдар елімізде жетерлік, көптеген спортшылар біздің еліміздің азаматтығын алу арқылы алға қойған мақсатына жете білген.
«Осындай жарқын мысалдардың бірі Майя Манеза, ол 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алтынға қол жеткізді. Бүгінде ол әлем чемпионатына дайындалуда, отбасылық жағдайын келетін болсақ қазақстандық зілтемір көтеруші Арсенийге тұрмысқа шығып, 1,5 жасар ұлдарын тәрбиелеуде. Бір сөзбен айтқанда ол бақытты», - деді С.Мұсайбеков.
Толықтыра кетейік, бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталды. 24-30 тамыз аралығында «Алау» спорт сарайында жаңа әлем чемпиондарының есімдер анықталмақ. Елімізге осы жарысқа қатысу үшін 900-ге жуық спортшы, 144 елдің өкілі, 200-ден астам шетел журналистері және халықаралық ұйымдардың өкілдері келіп жатыр. Бүгін сағат 16-00-де чемпионаттың ресми ашылуы болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы