- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық қор қаржысы есебінен қайта өңдеу саласының 900-ден астам заемшысы 6% үстемақымен қаржыландырылды
Ұлттық қор қаржысы есебінен қайта өңдеу саласының 900-ден астам заемшысы 6% үстемақымен қаржыландырылды
«Өткен жылы Елбасы қайта өңдеу саласындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, 200 млрд теңгені үш траншпен бөлді. Бүгінде Ұлттық қор қаржысы есебінен қайта өңдеу саласының 940 заемшысы 6% үстемақымен қаржыландырылды», - деп мәлімдеді ол.
Сонымен, 1 транш бойынша (100 млрд теңге) ШОК-тың 514 субъектісіне қолдау көрсетілді. Қаржы толығымен игерілді. 2 транш бойынша (50 млрд теңге) ШОК-тың 254 субъектісіне қолдау көрсетілді. Қаржыны шамамен 90% берілді. Мақұлданған жобаларды есепке алатын болсақ, қаржының 97,2% игерілді. Бұдан басқа, ЕДБ қарауында жалпы сомасы 15,4 млрд теңге болатын 79 жоба бар. Бағдарламаға қатысып отырған 13 ЕДБ-ның 5-уі қаржыны толығымен игеріп үлгерді. Өз кезегінде 3 транш бойынша (50 млрд теңге) ШОК-тың 172 субъектісіне қолдау көрсетілді. Шамамен игеру көлемі 44,5% құрады. Ал, мақұлданған жобаларды есепке алатын болсақ бөлінген қаржының 75,4% игерілді. Бұдан басқа, ЕДБ қарауында жалпы сомасы 25,5 млрд теңге болатын 98 жоба бар. Осылайша, үшінші транш бойынша келіп түскен өтініштер сомасы бөлінген қаржыдан асып жығылады.
Бұдан басқа, Д. Әбілқайыров атап өткендей, «Даму» қоры стартап-жобаларға қолдау көрсету шараларын жалғастыруда.
«БЖК-2020 бағдарламасымен бірыңғай банктік өнімдер жасақталды, олар жаңадан ісін бастаған кәсіпкерлерге арналған. Аталмыш бағдарлама несиеге 20 млн теңгені алуға мүмкіндік береді. Осы ретте кәсіпкер кепілдемелік қамтамасыз етудің 80% «Даму» қорынан ала алады», - деді ол.
Индира Кауметова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері