• Басты
  • Нарымбетовтер әулеті: Ел игілігі мен жамбыл химиясына еңбек еткен үш ұрпақ
20 Қазан, 2013 18:18

Нарымбетовтер әулеті: Ел игілігі мен жамбыл химиясына еңбек еткен үш ұрпақ

46 жыл бұрын Жаңа жамбыл фосфор зауытының ашылған бірінші жылында 28 жасар инженер-химик Ескендір Нарымбетов қызмет бабымен келді.
Нарымбетовтер әулеті: Ел игілігі мен жамбыл химиясына еңбек еткен үш ұрпақ | Strategy2050.kz

1967 жылдан бастап Ескендір сары фосфор мен фосфорлы өнім шығаратын аталмыш зауытта жұмыс істей бастады. Кәсіпкерлік Тараз қаласынан 15 км қашықтықта, Кіші Қаратаудың Үлкен Бурыл жотасының солтүстігіне таман орналасқан. КСРО кезінде бұл зауыт кеңестік химия өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы өндіріс орны саналды.

Кейінірек Ескендірдің артынан ерген ұлы Бақытжан Нарымбетов та әке жолын қуды. Мектепті бітіре салсымен әкесінің еңбек еткен кәсіпорнында жұмыс істеуге бел шеше кірісті. Сол мақсатта Томск политехникалық институтында аталмыш кәсіп бойынша білім алды. Фосфор зауытында ол тек кәсіптік біліктілігін арттырып қана қоймай, өзінің өмірлік жарын да тапты. Көп кешікпей отау құрған екі жастың Әсет атты балалары дүниеге келді. Жиырма жыл өткеннен кейін Әсет те осы зауытта еңбек етті.

Бүгінде кәсіпкерліктің ашылғанына жарты ғасырдай уақыт өтті. Ал Ескендір Нарымбетов ескерткіш жасауға қолданылған зауыттың алғашқы өнімі сары фосфордың шыққан күнін әлі күнге ұмытпаған. Қазіргі таңда еңбек ері ұлы Бақытжан мен немересі Әсетті мақтан тұтады. Нарымбетовтардың осынау әулеті осы кәсіпорынға шын пейілмен еңбек етіп, өмірлерін арнады. Ал әріптестері бұл әулетті ерекше қадірлейді.

Қазір кәсіпкерлікте шамамен 6 мыңдай адам қызмет етеді. Мұнда ортофосфорлы қышқыл, триполифосфат пен гексаметфосфат натрия өндіріледі. Сары фосфор өнідірісінде пеш ішінде қою өнім пайда болады. Одан феррофосфор алынады.

Зауытта әлемдік тарихта алғаш рет агломерацияланған фосфор түйіршіктерінен сары фосфор алу технологиясы енгізілді. Айтпақшы, зауытта 180-нен астам еңбек әулеті бар, мұндағы жұмыскерлердің бір ерекшелігі, көбісі әке жолын қуған азаматтар.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды