- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетау техникалық институтының курсанттары ант қабылдады
Көкшетау техникалық институтының курсанттары ант қабылдады
Айта кетерлік жайт, қабылдау комиссиясының шешімімен Ресей Федерациясының ТЖМ-нің мемлекеттік өртке қарсы қызмет Академиясында 17, Азаматтық қорғаныс академиясында 5, Санкт-Петербург қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетінде 10, Уральск қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызмет институтында 15 адам оқытылады.
Командирлерінің, жолдастарының және туысқандарының алдында курсанттар мемлекетіміздің игілігіне лайықты қызмет етуге антын қабылдады.
«Бізде, Қазақстанда жастарға жоғары білімді игеру үшін көптеген жағдайлар, мүмкіндіктер көрсетілген. Сіздер Ресей Федерациясының беделді жоғары оқу орындарына аттанғалы отырсыздар. Естеріңізде болсын, нағыз өз елінің патриоты өзінің мемлекетке деген махаббатымен, отан алдындағы адалдығымен және әскери борышын абыройымен атқарып, болашақ өмірге деген берік ұстанымымен анықталады. Сондықтан, болашақта құтқарушылардың жоғары талаптарына сәйкес болу үшін, Сіздер жақсы оқып, тәртіпті болып, адал қызмет етуілеріңіз қажет» - деп атап өтті Көкшетау техникалық институтының бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д. Шәріпханов.
Іс-шара Ресей Федерациясының ТЖМ мамандандырылған жоғары оқу орындарына аттанатын курсанттар мен ата-аналардың нұсқаулы жиналысымен аяқталды. Институт басшылығы жиналыс барысында жиналғандарды білім алу мекемелеріндегі оқу процессімен, ішкі күн тәртібін сақтау және әскери тәртіп ережелерімен таныстырды.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы