- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк бірлесіп жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайындағы шұғыл Жоспарды мақұлдады
ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк бірлесіп жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайындағы шұғыл Жоспарды мақұлдады
Атап айтқанда, орта мерзімді перспективада экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар Жоспары талқыланды, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеуге көшу жағдайындағы шұғыл шаралары мақұлданды.
Ұлттық экономика министрі Е.Досаев атап өткендей, шұғыл шаралар Жоспары бес бағыттан тұрады. Жоспар тұтастай экономиканы да әрі оның жекелеген салаларын да қорғауға бағытталған.
Жоспарға сәйкес, Үкімет пен Ұлттық банктің қызметі экономиканың нақты секторын қолдауға, жеке инвестиция тартуды ынталандыруға, жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қаржылық тұрақтылықты ұстап тұруға, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалануға, сондай-ақ республикалық бюджет теңгерімдігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Министр «қаржы ресурстары шектеулі болып отырған жағдайда қаражат басым бағыттарға қайта үлестіріліп, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қаржыландыруды оңтайландыру жалғасын табады, аяқталады» деп атап өтті. Сонымен қатар, Е.Досаев «Шұғыл шаралар жоспары әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу, жеке тұлғалар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының мерзімді депозиттері бойынша өтемақы төлеу механизмімен толықтырылатынын» атап өтті.
Жоспарға сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарын, тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау және жұмыспен қамту бойынша жедел шараларды қамтитын өңірлік блок та қосылған.
«Шұғыл сипаттағы басқа да амалдарды, соның ішінде жалпы алғанда экономиканың нақты секторындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған сыртқы сауданы реттеу тарифтік емес әдістерін, ішкі нарықты қорғау амалдарын іске асыру қарастырылып отыр», - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Үкімет мүшелері әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуіне жол бермеуді қарастыратын кешенді шараларды талқылады. Олар аталған тауарлардың маңыздылығын анықтап, жосықсыз бәсекелестердің жолын кесіп, монополияға қарсы бақылау шараларын қарастырмақ. Оған қоса, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев аймақ басшыларына тұрақтылық қорлары арқылы тауар интервенциясын жүргізу және тұрақты түрде ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өтікізіп тұру керектігін айтты.
«Одан басқа, әлеуметтік маңызды тауарлар бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп, жылдың аяғына дейін базарларда әлеуметтік маңызды тауарларға талдау жасалады. Баға бәсекесінің дамуына кедергілер анықталатын болады», - деп түйіндеді Е.Досаев.
Отырыс соңында ҚР Премьер-Министрі мүдделі мемлекеттік орган басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды