- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Сұлтанов: Сары алтынды жиюға техника паркi де қол күшi де жетерлiк
Е. Сұлтанов: Сары алтынды жиюға техника паркi де қол күшi де жетерлiк
Шал ақын ауданында орақ науқаны басталды. Облыс әкiмi жұмыс сапарымен осы ауданда болып, диқандармен кездестi.
Ең алдымен, өңiр басшысы «Азко Жаңажол» ЖШС егiн алқаптарында болып қайтты. Диқандар орақ науқанына толық даяр.
Қауызынан шығып тұрған сары алтынды жиюға, техника паркi де қол күшi де жетерлiк көрiнедi. Жалпы диқандар қауымы арық айтып семiз шыққанды жөн көредi. Жағдайды сұрай қалсаң әлiптiң артын бағып, «ауа райы жақсы болса» — деп жауап қатады.
Жалпы аудан бойынша 231 мың гектар жерге ырыс дәнi сiңiрiлген. Оның 17,5 гектары майлы дақылдар болса, 185 мың гектары дәндi-дақылдар, 22 мың гектарға бiржылдық шөп себiлдi. Жоспар бойынша гектар берекелiлiгi 15–20 центнерден айналатын көрiнедi.
Бұдан соң, өңiр басшысы аудан орталығындағы №2 мектептiң жағдайымен танысты. Бұнда 100 балаға шақталған шағын орталық аптасына 5 күн жұмыс iстейдi. Ал мектеп 11 жылдық бiлiм бередi. Балалар қазақ, орыс тiлдерiнде қатар оқытылады. Мектепте 51 мұғалiм қызмет етедi.Оған қоса, мектепте мұражай да бар. Ерiк Сұлтанов мұражайдағы арнайы кiтапшаға мектепке деген тiлектерiн жазды.
Бұдан соң аудан бюджетiнiң кiрiс және шығыс бөлiгiн орындау мәселелерiне арналған жиын өткiзiлдi.
«Ауылдықтар үшiн маңызды кезеңi орақ науқаны басталды. Оған облыс жақсы дайындықпен келдi. Техниканың 99-пайыздан астамы дайын. Биыл 17 млрд теңгеге техника сатып алынған болатын. Осы жұмыс жалғасын таппақ. Облыс бойынша бюджеттi қалыптастыруда қажеттi көрсеткiштерге қол жеткiзе алмай отырмыз. Республика деңгейiнде жағдай жаман болмаса да, аудандарға келгенде жұмыс ақсап тұрмыз. Шығысты қысқарту керек»,-деп атап өттi жиын барысында өңiр басшысы.
Облыс әкiмi өңiр бойынша гектарынан 30–35 центнерден астық алатын шаруа қожалықтарының саны артып келе жатқанын айтты. Жиында Шал ақын ауданының әкiмi Ербол Сағдиев бюджеттiң кiрiс-шығыс бөлiктерiне қатысты есеп бердi. Қазiргi таңда бюджет 95,5 пайызға орындалған екен.
Сонымен қатар, мемлекеттiк «Сыбаға»,«Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларын қолдануға ауылдықтардың құлшынысын арттыру жұмыстарын жүргiзу мiндеттелдi.
Бұдан соң, Ерiк Сұлтанов Аютас селолық округiнде зауыт құрылысы жүрiп жатқан «Трансагроинвест» ЖШС де болды. Мұнда болашақта қант өндiрiлмек. Жоспарға сай зауыт 2017 жылы ашылады. ЖСҚ бойынша 900 млн теңге бөлiндi. Кәсiпорын қуаттылығы тәулiгiне 300 тонна қант қызылшасын өңдеп, жылына 8 мың тонна қант өндiрмек. Қазiрде құрылыс жұмыстарымен 25 адам айналысуда, ал кәсiпорын ашылған соң, 84 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Жұмыс сапарының соңында өңiр басшысы «ТНС 2020» ЖШС егiн алқаптарында болды. Қожалық 88 мың га жерге ырыс дәнiн еккен. Серiктестiк те 15-20 күн iшiнде орақ науқанын аяқтамақ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда