- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Оқырман ұрпақ – Қазақстанның болашағы» фестивалі өтуде
Астанада «Оқырман ұрпақ – Қазақстанның болашағы» фестивалі өтуде
Шараның негізгі мақсаты – кітапты насихаттау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.
Фестивальге еліміздегі белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ж. Әбділдин, Ә. Тарази, Р. Мұқанова, Т. Әбдік, Қ. Сақ, Қ. Болманов, Қ. Әбілдина, Б. Сәмединова сынды зиялы қауым өкілдері қатысады. Сондай-ақ Астанадағы шетелдердің Төтенше және Өкілетті Елшілері, елордалық баспалар мен кітап сатушы ұйымдар қатысады.
Фестиваль бағдарламасы халықтың барлық категориясын қамтитын сан алуан іс-шаралар кірістірілген. Бұлар «Оқуға арналған сәт» флешбугы, «Бәрі кітаптан басталады» флешмобы, QR-код мобильді кітапханасының тұсаукесері, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы «Көшпенділер» романы – көшпелі өркениеттің айнасы іспетті» тақырыбында іс-шара, Е. Кочетовтың «Қазақстанды өзгерткен сөздер» атты кітабының тұсаукесері, «Қайсар Әлия» атты ерлік сабағы, кітап жәрмеңкесі, кітап сыйлау акциясы, «2015 жылдың мерейтой иелері – Нобель сыйлығының лауреаттары» көрмесі, «Жастар классиканы оқиды» атты оқырман жастармен кездесу өтеді. «Оқырмандар кеңесі». Фестиваль барысында Қазақстанның облыстық кітапханаларымен онлайн-кездесу өтеді.
Сондай-ақ «Поэзия саған мың алғыс!» тақырыбында поэзия марафоны, қазақтың белгілі жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ деген халықтың баласымын» тақырыбындағы поэзия сағаты, концерт ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, Ақмола облысы кітапханашылары «2015 жылдың мерейтойлық күндері» бағдарламасы бойынша іс-шара өткізеді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары