- Басты
- Жаңалықтар
- Австралиялық компания Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына кірісуде
Австралиялық компания Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына кірісуде
Тараптар Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарындағы үш жер қойнауы учаскісінің жер қыртысын мемлекеттік геологиялық барлау бойынша жобаны талқылады. Аталған жоба жер қыртысын геологиялық зерттеу және барлау саласында өзара түсіністік ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде іске асырылуда.
Әсет Исекешев атап өткендей, геологиялық барлау жуырдағы жылдары жоғары технологиялық сервис ретінде елдің өнеркәсіп саясатындағы басымдықтардың біріне айналады. Оған қоса, шикізат базасы болмаған жағдайда жүргізіле алмайды. Сондықтан аталған салада мемлекет кешенді жұмыс жүргізуде, соның ішінде австралиялық әдіс бойынша заңнама ырықтандырылуда. Ағымдағы жыл аяғына дейін 100-ден кем емес объектілер бойынша аукцион жүргізу жоспарлануда. Жеңілдетілген әдіс бойынша алаңдар бөлінді.
Элисон Морли министрлікке осындай маңызды жобаға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, соңғы жылғы компанияның Қазақстандағы қызметі туралы айтты және геологиялық барлау жұмыстарының басталуы туралы хабардар етті.
Австралиялық компания жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және одан әрі барлау бойынша жұмыстарды толық қаржыландыруды қамтамасыз етеді және коммерциялық табылым жағдайында сомасы 500 млн. АҚШ долларды құрайтын кен ошақтары мен байыту фабрикалары құрылысы мүмкіндігін қарастырады. Компания ағымдағы жылдың қыркүйегінде аэрогеофизикалық түсірілім жүргізуді ниет етуде.
Естеріңізге сала кетейік, «Iluka Resources Limited» австралиялық тау-кен компаниясы әлемдегі ірі циркон өндірушісі және жоғары сапалы титан өнімін ғаламдық өндіруші болып табылады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды